Жол ережесін бұзсаңыз…

Айыппұлдың түрі көп
Айыппұлдың түрі көп
Айыппұлдың түрі көп

– Жол жүру ережесін бұза отырып, жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүргені үшін – 12 117 теңге;

– Жол жүру ережелерімен тыйым салынған аймақта, жолдың қарама- қарсы бетіне өткені үшін – 25 965 теңге;

– Көлік құралдарын тротуарға, гүлзарда, балалар немесе спорт алаңдарына қойғаны үшін – 10 386 теңге;

– Бағдаршам мен реттеушінің тыйым салатын сигналына қарамай өтіп кеткеті үшін – 17 310 теңге; (ҚР Кодексі 466-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда)

– Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін – 17 310 теңге;

– Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефон не радиостанция қолданғаны үшін – 8 655 теңге;

– Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейін – 8 655 теңге,

жиырма километрден қырық километрге дейiнгi – 17 310 теңге,

ал қырық километрден жоғары шамаға дейін арттырғаны үшін – 25 965 теңге,

әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер үшін – 34 620 теңге;

– Жол жүрісіне қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни жол жүрісіне басқа қатысушыларды жүріс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін – 17 310 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді.

– Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы (қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса) – 1 жыл;

– Жүргізуші алкогольді немесе есірткі заттарын пайдаланған болса – 2 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылады.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ