Әшейінде қара жолдың үстінде көлігіне ие бола алмайтын кейбір көлік жүргізушілері қыстың қаһарына дайын болмай шықты. Жаңбырдан кейін жауған қардың соңы көктайғаққа ұласып, автокөлік түлігі жаяу адамның өзінің аяқ алып жүруі де қиындап кетті. Бір тәулікте бірнеше адам мұзға құлап, жарақат алған.
Аурухана төсегіне таңылғандардың көбісі — көктайғақта аяғын немесе қолын сындырып алғандар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BcJIkF5CAaY[/youtube]
Жол үстіндегі келеңсіздік те жиілеп кетті. Оңтүстікте бір тәулікте оннан астам көлік апаты тіркелген. Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің айтуынша, көлік апатының дені жүргізушілердің қысқы маусымға толық дайын болмауының себебінен көрінеді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DglvDUms1Sc[/youtube]
Тәртіп сақшылары да, дәрігерлер де қылышын сүйретіп келген қыс ауасында сақ болуға шақырады. Сондықтан, абай болыңыз, ағайын!