Шымкентте қысқа қайындық жұмыстары қызу жүруде. Соның бір парасы — «ЛТД тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоймасына көктайғақта қажет болатын құм мен тұз жеткізіліп жатыр. Бұл материалдар жолдың үстіне себіледі. Биылға сұраныс жылдағыдан көп.
Қала аумағының кеңейуіне байланысты механикалық жолмен тазартылатын көшелердің саны 140-қа жеткен. Сондықтан қала әкімдігінің шаруашылық бөлімінің мамандары 10 мың текше метр құм, 1000 тонна тұзға тапсырыс беріпті. Инертті материалдарды жеткізу жұмыстарына қала боджетінен 45 миллион теңге бөлінген. Мердігер «Қарабастау» ЖШС қоймаға әзірге бір мың текше құм жеткізді. Қала көшелеріне жолға себілетін құмның сапасы талапқа сай болу қажет дейді мамандар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VAYiAYxHv-w[/youtube]