Қыз алып қашу фактілері жиілеп кетті

350
Жаңа заманда да ескі әдеттен арылмай келеміз
Жаңа заманда да ескі әдеттен арылмай келеміз
Жаңа заманда да ескі әдеттен арылмай келеміз

Өңірімізде қыз алып қашу фактілері жиілеп барады. Бір ғана Шымкент қаласындағы Абай ауданы бойынша жыл басынан бері осындай 17 оқиға тіркелген. Бұл туралы әйелдер құқын қорғау мақсатында ұйымдастырылған «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты он күндік шараның қорытындысында айтылды.

Құқық қорғау органы қызметкерлерінің айтуына қарағанда, ескі дәстүрдің салдарынан кәмелет жасына толмай жатып шаңырақ көтерген арулар қатары көбейіп отыр. Осы арада тәртіп сақшылары қалың малына қол жеткізіп болған соң, құзырлы орындарға жігіттің атынан арызданатын алаяқ арулардың да аз емес екенін алға тартады. Іс сотқа әзірленіп жатқан тұста қос тарап келісімге келіп, сала мамандарын сарсаңға салатыны да бар. Шымкент қаласы Абай полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Гүлзахира Медеева қыз алып қашу операциясының соңы көп жағдайда екі жастың отау көтеруімен аяқталып жататынын алға тартты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1-ki9gmiY90[/youtube]