Әмбебап полициямен өткен бір күн

948
Жол-патрульдік полициясы

Қазақстанда әкімшілік полициясының жұмысын бастағанына бір айдан асты. Жасыратыны жоқ, жаңа құрылым жасақталғанша жұрттың арасында түрлі пікір туындағаны рас. Қалай болғанда да бұрынғы жол полициясы мен патрульдік полицейлер бірігіп, 1-қарашадан бастап жол-патрульдік полициясы жасағы өз қызметіне кірісті.

Жол-патрульдік полициясы
Жол-патрульдік полициясы

Жаңадан жасақталған әмбебап полиция басқармасының қызметкерлері 3 ауысымда, яғни, тәулік бойы қызмет атқарады. Әр ауысымның мамандары алдымен сапқа тізіліп, қызметтік тапсырмаларын алады. Әдеттегідей жұмыс Қазақстанның гимнінен басталады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=x8blKVROrAA[/youtube]

Әр экипаж құрамы басшылықтан тиісті тапсырма алған соң өздеріне қарасты аумақта кезекшілік етуге кіріседі. Тәртіп сақшыларына іздеуде жүрген тұлғалар жайында күнделікті жаңа бағыт-бағдар да беріледі. Әмбебап полиция қызметкерінің бірі — құқық қорғау салысында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан Ғалымжан Ибадбеков. Бізідң түсіру тобымыз осы экипаждың көлігімен жүрді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6935fgYoKB0[/youtube]

Тәртіп сақшысымен жұмыс барысы жайлы әңгімелесіп отырғанда кезекті бір тәртіп бұзған азамат құрықталды. Көлігінің алдыңғы терезесін күңгірттеп алған жүргізуші экипаждың дәл жанынан өтіп бара жатыр. Дегенмен, алысқа ұзай алмады. Тәртіп сақшылары дауыс күшейткішпен нұсқау беріп, жүргізушіні тоқтатты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qTB_iSwEO3E[/youtube]

Көлігінің әйнегін көлеңкелеп алғаны үшін жүргізушінің үстінен хаттама толтырылды. Бұл көлік иесі — соңғы айда айыппұл кесілген 207-ші жүргізуші. Бір құрамға біріктірілген тәртіп сақшыларын халық «әмбебап полиция» деп те атап кетті. Жол-патрульдік полициясы бұдан былай екі қызметті қатар алып жүретін болады. Оның бірі — қаладағы жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болса, екіншісі Шымкенттің жолдарында темірдей тәртіп орнату.

 Әбдіғани Сейдуалиев, ОҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басшысының орынбасары: «Қазіргі таңдағы ең басты мәселе — қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайту болып тұр. Осы бағыттта жұмыс атқару кезінде автокөлігін тыйым салынған орындарға тастап кеткендердің көлік құралдары ақылы айып тұрағына жеткізіледі. Бүгінгі таңға дейін 1771 көлік эвакуатырмен жеткізілген.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ghSxuxibrrI[/youtube]

Жол-патрульдік полициясы басқармасы құрылғалы бергі уақыттың ішінде жеткен жетістіктер де жоқ емес. Бір айдың ішінде 66 қылмыс ізі суымай ашылған. Жол қауіпсіздігі бойынша 7220 құқық бұзушылық анықталды.

Алайда, бұл тұрғыдағы тұрғындардың ойы әртүрлі. Олардың кейбірі екі құрылым қосылмай-ақ, бұрынғысынша қалғаны дұрыс еді деген ойын білдірді.

 Қанат Жанқұлов: «Меніңше, жол-партрульдік полициясы қызметкерлері жол қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуде. Дегенмен, адамдардың қауіпсіздігіне ешқандай көңіл бөліп жатқан жоқ.»

Десе дегендей-ақ, тәртіп сақшылары соңғы кезде сыннан құрғамай жүрген қоғамдық көліктерге де көңіл бөле бастады. Бір айдың ішінде 195 қоғамдық көліктің жүргізушілеріне қатысты шара көрілген. Тәртіптің қатаң қолға алынғанын жолаушымен жиі сұқбаттасатын такси жүргізушілерінің сөзінен де байқадық.

 Батыр Айдаров, такси жүргізушісі: «Тиынның басын құрай алмай жүргенде тоқтасаң, айыппұл кеседі. Адам алуға тіпті мүмкіндік жоқ. Көшенің бойында тұрғызбайды, тығылып, дүкеннің артында тұрамыз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IhmAV2gfDOY[/youtube]

Осылайша жаңа құрылым испекторлары барлық құқық бұзған жүргізушілерге тең көзбен қарап, тең жазаға тартаса деген қарапайым жүргізушілердің айтары бар. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта қала көшелерінде қозғалыс реттеліп, кептеліс азайған. Оны да айтып өту керек.