Шұғыл түсірілім

Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта Шымкентті шулатқан іске нүкте қойылды. Еске салайық, тамыз айының ортасында полицияға 12 жасар қыздың ана-анасы арызданып, перзенттерін белгісіз біреудің үй ішінде жатқан жерінде зорламақ болғанын айқан. Бұл оқиға сол сәтте-ақ жұрт назарын өзіне қаратқан болатын. Енді істі 4 ай қараған сот айыпталушыға үкім кесті.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

 

Тамыз айының ортасында, таңсәріде өз үйінде тып-тыныш ұйықтап жатқан 12 жасар қызды белгісіз біреудің зорламақ болғаны туралы ақпарат қалалықтардың жағасын ұстатқан еді. Жасөспірімді азғырмақ болған азғынды құзырлы органдар біресе терезеден түсті, біресе ашық қалған есіктен кірді деген-тін. Арада ай өткенде күдікті ретінде жәбірленуші қыздың 20 жасар көршісі ұсталды. Ол тергеуде өз айыбын мойындаған да болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=60x5VYAI2ag[/youtube]

 

Күдіктіні анасымен бірге аулада серуендеп жүрген жас қыздың өзі танып қояды. Түн жамылып, нәпсіқұмарлық жасаған жігіттен жәбір көрген жеткіншек оны алдымен анасына емес, әпкесіне айтып беріпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PbYLwsZMqq4[/youtube]

Тәртіп сақшылары бір ай тергеген істі сот 4 ай қарады. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта атышулы іске шешім шықты. Сот қызды зорламақшы болған азғынды 16 жылға бас бостандығынан айырды. Айта кетерлігі, сот барасы да, үкімнің оқылуы да жабық жағдайда өтті. Оған тілші қауымы түгілі күдіктінің өз анасы да қатыстырылмады.

Инесса Карасавиди, сотталушының анасы: «Мен соттың шешімімен келіспеймін. Менің балам оңдай іске ешқашан бармайды. Сот тек қыздың сөзі бойынша үкім шығарды. Алайда баламның кінәсін дәлелдейтін басқа ешқандай айғақ жоқ.»

Қай кезде де өз перзенті көзіне ай көрінетін ананың бұл күдігін сотталушының құрбысы да қолдайды. 23 жастағы қыздың айтуынша, қылмыс болған түні ол сотталушымен бірге бір пәтерде түнеген.

Сотталушының құрбысы: «Үкіммен келіспеймін. Ол күні біз дәмханаға барып, содан кейін 2500 теңгеге бір пәтерді жалдап алдық. Пәтерді тапсырған азаматша бізді есіктің сыртынан жауып кеткен. Ал терезеде темір тор бар еді. Мүмкін емес.»

Қайткенде де кәмелетке толмағанға қатысты қылмысты тәртіп сақшыларынан көбірек қараған сот күдіктіні айыпты деп тапты. Енді ол өмірінің 16 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болды. Десе де іс мұнымен бітпейтін тәрізді. Себебі үкіммен келіспеген Станислав Бажиннің туыстары апелляциялық шағым түсірмек.