№6 колледждің жаңа ғимараты бар

Подрядчик вручил ключи директору колледжа

Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкент қаласындағы №6 колледждің ұжымы жаңа ғимаратқа қоныстанды. Жарты жылда аяқталған құрылыстың құны — 260 миллион теңге. 77 жылдық тарихы бар білім ошағы бүгінде аспаздар, кондитерлер, наубайшылар мен даяршыларды оқытады. Ал 2011 жылдан бастап мұнда сатушылар да дайындалады.

Замануи үлгідегі жабдықтармен жабдықталған сыныптарда студенттер теориядан бөлек тәжірибе жинақтайды. 300 орынға арналған жаңа оқу ғимаратын колледж ұжымы он жыл күткендерін айтады. Жарты жылда іргетасы қаланып, бой көтерген зәулім кешенде арнайы жабдықталған сынып бөлмелері бар.

Подрядчик вручил ключи директору колледжа

 Мердігер компания аспазшылар,кондитерлер даярлайтын білім ошағының ерекшеліктерін ескеріпті. Ғимараттың үшінші қабатында тәжірибелік сыныптар салып берген. Сондай ақ мұнда болашақ маман иелерінің шыңдалуына қолдау көрсетіп жүрген әріптестермен тәжірибе алмасатын арнайы мәжіліс залы да қарастырылыпты.

Мадияр Дауырбаев, мердігер компанияның басшысы: «2012 жылы облыс бюджетінен бөлінген 30 миллион теңгеге ескі ғимаратты жөндедік. Биыл шілде айында жұмысқа кірісіп, Тәуелсіздік күніне  нысанды пайдалануға тапсырып отырмыз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TFwRIxaRABU[/youtube]

Жаңа оқу ғимаратынан бөлек колледждің енді жаңа үлгідегі спорт залы да бар. Студенттермен бірге ұстаздар қауымы спорт құрылғыларымен жабдықталған арнайы бөлмеде денсаулықтарын шынықтыратын болады.

Енді жаңа сыныптарға қоныстанған оқу ошағының шәкірттері мен ұстаздары алдағы көп асуларды бағындыруға дайын. Айта кетейік, бұл колледж студенттер бүкіләлемдік аспаздар олимпиадасында үздік танылған болатын.