"Алпамыс" аула клубы

«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» деп ұрандатқан басшылар қарапайым аула клубтарын ашудың өзін көп көріп жүргенін біздің тілшілер жазған болатын. Қомақты қаражатты талап етпейтін шағын клубтардың сол кездегі апатты жағдайын көріп, ата-аналары да перзенттерін жібермеуге бел байлаған. Әсіресе, «Алпамыс» аула клубының сиқы көңілді біраз құлазытқаны бар.

ауласындағы клубы жөндеуде тұрғанда балалар осылай ерігіп жүрген
Ауласындағы клубы жөндеуде тұрғанда балалар осылай әр жерде ойнап жүрді

Осыдан біраз бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан аула клубының алды қоқысқа толы еді. Жауаптылар сыннан қорытынды шағырса керек, араға біраз уақыт салып «Алпамыс» аула клубы өзгерді. Бюджеттен қаржы бөлініп, жөнделді. Оған 2,5 миллион теңге жұмсалған.

шахмат үйірмесі тез ойлануды үйретеді
Шахмат үйірмесі тез ойлануды үйретеді

Айнаш Құдайбергенова, қалалық балалар және жасөспірімдер орталығының бөлім меңгерушісі: «Осыған қол жеткізгенімізге өзімізде қуанып қалдық. Енді ашылатын үйірмелерді қарастырып жатырмыз. Тұрғындардың сұрауы бойынша ағылшын тілі үйірмесін ашсақ деп отырмыз. Бір ерекшілегілі — біз демалыссыз жұмыс істейміз.»

Қайтадан жан біткен «Алпамыстың» жас достары көп. Келушілер толастар емес. Әсіресе, Қабанбай батыр көшесі бойындағы көп қабатты үйдің тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

"Алпамыс"аула клубының ашылуы көпшілікке қуаныш сыйлады
«Алпамыс»аула клубының ашылуы көпшілікке қуаныш сыйлады

 Ақжан Әбенова: «Қуанышымызда шек жоқ. Енді баламызды уайымдамай жібереміз. Мұнда қарап отыратын апайлары бар. Құр жүрмейді. Өзінің болашағына керекті дүниелерді үйренеді.»

 Шахмат үйірмесы жетекшісінің айтуынша, қыз балалардың басым бөлігі қолөнерге қызығады. Сондықтан да келушілерім көп деп марқаяды.

Қыздар да құр отырмайды
Қыздар да құр отырмайды
Бұл жерден кішісін де, үлкенінде табасыз
Бұл жерде үлкен-кіші балалар қатар жүреді
Жетекші бар білгенін балаларға үйретіп бағуда
Жетекші бар білгенін балаларға үйретіп бағуда 
Туынды, көңілден шығатын көрінеді
Кестелеп тоқу

«Алпамыс» аула клубының күнделікті жұмысы осылай жалғаса береді. Балалардың бірі сабаққа дейін келсе, енді бірі сабақтан кейін келіп, бос уақытын тиімді пайдаланады.

Балаларға компьютердің қыр-сыры да үйретілетін болады
Мұнда компьютер сыныбы да бар
Аулағы қызып, мектептке бармайтын балалар да келеді
Аулағы қызып, мектептке бармайтын балалар да келеді 

Бірі сабақтан кейін келсе, енді бірі сабақтан кейін келеді, яғни әрқайсысы бос уақытын тиімді пайдалануға тырысып бағады

Бір өкініштісі, жергілікті тұрғындар қоқысын алысқа бармай-ақ, осы клубтың алдына тастауды әдетке айналдырыпты. Терезеден лақтыра салатындары да бар екен. Ұстаздар қауымы әр пәтер иелерімен сөйлесіп, мәдениеттілікке үгіттесе де құлақ асар жан табылмаған. Көпқабатты үйдің ауласында бос жатқан мына жер ауланың меншігіне берілсе, шағын футбол үйірмесі де ашылар еді дейді жауаптылар. Бірақ, бұған әлі мүмкіндік жоқ.