Қазақстандағы 15 бірдей Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік өнер иелері анықталды. Алғаш рет Шымкентте өткен арт-фестивальдің жеңімпаздары сый-марапатқа ие болды. Сонымен, «Үздік әлеуметтік ролик» бағытының гран-приін Тараздың оқушылары иемденді. «Үздік арт-фото» бағыты бойынша жеңімпаз Талдықорғаннан келген зияткерлік мектептің оқушылары деп танылып отыр. «Үздік қолөнер» бағыты бойынша Шымкент қаласының шәкірттеріне жетер ешкім болған жоқ. Ал «Мюзикл жанрындағы қойылым» аталымында бас жүлдені Ақтөбе қаласының жеткіншектері жеңіп алды. Бұл шәкірттер осы сайыста «Қобыланды батыр» драмалық қойылымын ұсынған екен.
Қайсар Жолдыбаев, Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: «Қарсыластарымыз да осал емес, олар да талантты, дарынды. Әрине, оларды озу оңайға түскен жоқ. Ал қойылымда әрбір бала өзіне берілген рөлде толық ойнап, ешқандай қатесіз сомдады. Мен осы рөлде автор ретінде және соңында осы күллі Алашқа өз жүрекжарды жырымды арнайтын бала болып ойнадым. Қазіргі қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын, бұл — бір менің ғана емес, сыныптастарымның еңбегі. Ал еңбекті бағалаған қазылар алғысына алғысым шексіз.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cVX-ched9Hs[/youtube]