Дүниеге үшем келді

390
Асан, Айман, Шолпан
Асан, Айман, Шолпан

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының №1 перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Олардың аттары — Асан, Айман және Шолпан. Ата-аналары Разия мен Жәнібек Қорабаевтардың отасқанына 5 жылдан асыпты. Осы уақытқа дейін Разия бір рет құрсақ көтеріпті. Алайда, Алладан бұйрық болмаса керек, 4 күндік перзенті шетініп кетіпті. Содан бері құрсақ көтермеген.

 

Асан, Айман, Шолпан
Асан, Айман, Шолпан

Енді, міне, ерлі-зайыптының тілегі қабыл болып, бір мезетте үш сәбидің ата-анасы атанып отыр. Облыстық №1 перинаталдық орталық мамандырының айтуынша, сәбилер айы-күніне жетпей туылса да үшемнiң де, анасының да денсаулығы жақсы. Сәбилердің алғашқысы — ұл бала 2 келі 700 грамм салмақпен туылса, ортаншы қыз бала 2350 грамм, ал кенже қыздары 1700 грамм салмақпен туылыпты. Қазір жақсы күтім алған үшем салмақ қосып, аман-есен үйіне шығарылды.