Бұл мереке патриоттыққа шақырады

Оңтүстікқазақстандықтар ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтті.  Жуырда ғана ашылған Көрме орталығында облыс басшыларынан бастап, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым халық та жиналды.

Салтанатты шара еліміздің әнұранымен басталды
Салтанатты шара еліміздің әнұранымен басталды

Cалтанатты жиын басталмай жатып, Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті туралы фильм көрсетілді. Көпшіліктің көңілін көтеріп, елін сүйген Елбасы жайлы көркем фильмінен соң,  Үрмелі аспаптар оркестрі, Қазақстан Республикасының 100 мемлекеттік туын ұстаған С.Рахымов атындағы әскери мектеп-интернатының курсанттары шеру жасады. «Елі сүйген Елбасы, Елін сүйген Елбасы» атты вокальды – хореографиялық композициясы орындалды.

Облыс әкімі жиналған жұртты айтулы мерекемен құттықтады
Облыс әкімі жиналған жұртты айтулы мерекемен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов құттықтау сөз сөйлеп, бұл мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл мереке патриоттыққа шақырады
Бұл мереке патриоттыққа шақырады

«Бүгін Қазақстан халқы ерекше мереке — Тұңғыш Президент күнін атап өтіп отыр. 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз қолдауымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл мерекенің ерекшелігі — Қазақстанның жаңа тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы, әлемде өзіндік орны бар, қарқынды дамып отырған еліміздің сыртқы — ішкі саясаттағы жетістіктері- Қазақстанның Тұңғыш Президентімен тікелей байланысты. Сондықтан да Ел мен Елбасы, Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президент- егіз ұғым деп бағалануда. Елбасының еліміздің Тұңғыш Президенті ретінде атқарған, атқарып отырған тарихи еңбегін бүгінде халықаралық қауымдастық та мойындап, жоғары бағасын беріп отыр. Бір баяндамада осы тарихи еңбектің бәрін қамту мүмкін емес. Ғасырға татыр небәрі екі онжылдықтың көлемінде Президенттің атқарған қыруар жұмысы керек болса, арнайы зерттеуді талап етеді» деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Шараға жиналғандардың қарасы қалың
Шараға жиналғандардың қарасы қалың

 

Осы салтанатты жиында облыс зиялыларына да сөз берілді. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Н.Әжіметов 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен көпшілікті құттықтады. Ардагер аға  «Бұл мереке ел үшін мақтаныш. Президенттің ұлт құндылықтарына деген қамқорлығы ерекше. Ел егемендігінің арқасында халқымыздың төл тарихы, өнері, мәдениеті жаңғырып жатыр. Бұл, сөз жоқ, Елбасы саясатының жемісі» деді өз сөзінде.

Шара соңында ән мен жырдан шашу шашылды
Шара соңында ән мен жырдан шашу шашылды

Салтанатты жиын елімізге танымал өнер майталмандарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XYGd2zQPvWU[/youtube]