Этно-мәдени орталықтар арасында спартакиада өтті

369
Спартакиадаға 19 құрама қатысты

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда облыстық этно-мәдени орталықтар арасында спартакиада өтті. 16 команда қатысқан сайыс ел тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналып отыр. Жарыста жүзу, теннис, шахмат, жеңіл атлетика, эстафета сынды спорттық ойындар таңдалып алынған.

Спартакиадаға 19 құрама қатысты
Спартакиадаға 16 құрама қатысты

Икрам Хашимжанов, облыстық өзбек мәдени орталығының төрағасы: «Бүгін бізді спорт достастырады, тұтастығымыздығы нығайтады. Мұндай спорттық жарыстардың жиі өткені дұрыс. Жастарды да арамызға көптеп тарту қажет. Осы арқылы елдің патриоттарын тәрбиелей аламыз. Олардың Қазақстанға деген құрметі мен өз ұлтына деген сүйіспеншілігі артады.»

Болейбол ғимарат ішінде, ал эстафета алаңда өрбіді
Болейбол ғимарат ішінде, ал эстафета алаңда өрбіді

Саима Ақбердиева, облыстық татар-башқұрт мәдени орталығының төрайымы: «Менің ойымша осы спартакиада біздің ынтымақтастығымызды сақтауға шақырады. Қарап отырсақ, ойындар өте қызықты өтіп жатыр. Осы орайда спорттың денсаулыққа ғана емес, татулыққа бастайтынын да айтқым келеді.»

Жеңімпаздар есімі 18-желтоқсанда белгілі болады

Ойынға қатысушылар ауа райының суығына қараған жоқ. Ал сайыс қорытындысы 18-желтоқсан күні жарияланатын болады.