"Илиана" дүкенінде жаңа түсім

Шымкентте жаңа жылды қарсы алу үшін дайындық басталып кетті. Оған сәнді әрі терең талғаммен киіну қажет. Жерлестерімізге мұндай мүмкіндікті ұсынып жүрген «Илиана» дүкенінде тұтынушыларға арналып ұтыс ойыны ұйымдастырылды. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iu_8LVhd-Ys[/youtube]

Биік талғамды бағындыру қиын емес. Заманауи әрі сапалы киімдерді ұсынатын «Илиана» дүкеніне бір рет бас сұқсаңыз жетіп жатыр. Оған дүкеннің тұрақты тұтынушысы Дидар Қиясова көз жеткізіпті.

"Илиана" дүкенінде жаңа түсім
«Илиана» дүкенінде жаңа түсім

Дидар Қиясова, қала тұрғыны: «Илиана» – менің сенімді дүкенім. Бұл дүкеннен кез келген уақытта балаларым және бүкіл жанұямыздың талғамындағы киімдерді таба аламыз. Маған өте ұнайды. Сәні ғана емес оның матасы да керемет! Сапасына тәнтімін.»

Бұл сәнді киім дүкеніне мереке қарсаңында әйелдерге арнап тамаша тарту – киімдердің жаңа үлгілерін әкеліп отыр. Бұған қоса дүкен басшылығы ұтыс ойындарын ойнатып, баршаға ұнаған киімді 30 пайыздық жеңілдікпен алуға мүмкіндік жасап отыр.

Қыс ауасына арналған етіктер
Қыстық етіктер

Севара Әлімова, «Илиана» дүкенінің иесі: «Бүгінгі іс-шарамыз жаңа жылдық мерекенің құрметіне арналып отыр. Бүкіл тұтынушыларымызды осы мейраммен құттықтаймын! Және әрдайым бізбен бірге болып, біздің өнімді тұтынғаны үшін оларға алғысымды жеткіземін. Сол үшін жерлестерімізге арнап, көптеген сыйлықтар дайындадық. Ал басты тарту – туристік жолдама.» 

 Бұл сыйлықтарды ұтып алмағанның өзінде үйіңізге тамаша көңіл күймен қайтасыз. Илиана бұрынғыдай сіздің талғамыңыздың көмекшісі әрі сән сыйлаушы болып қала береді. Тіпті, сіз спорттық немес классикалық , қала берді модерн үлгісін таңдағанның өзінде де «Илиана» Сіз үшін қызмет жасайды.