Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыс прокуратурасы ортақ меморандумға қол қойды. Енді өңірдегі бизнесмендердің құқығын прокуратура өкілдері қорғайтын болады. Құқыққорғаушылар мен палатаның ортақ келісімге келуі жай емес. Өйткені, құрылыс, жер қатынастары, кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша бізде заңсыздықтар көбейіп кеткен. Кәсіпкерлер палатасы құрылған 1 айдың ішінде осы сынды 60-тан астам арыз-шағым түсіпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wwv0CUdfgp4[/youtube]

«Ортақ келісім дер кезінде жасалып отырған іс» дейді қос тараптың басшылары. Прокурорлар кәсіпкерлердің құқығын бұған дейін де қорғайтын. Бірақ, штат саны аз болғандығын мойындайды бас прокурор. Енді ол қиындықтың бәрі артта қалған секілді. Өйткені, облыстық прокуратуда құрылған арнайы бөлім нақ осы бизнесмендер үшін жұмыс істемек.

Кәсіпкерлер

кәсіпкер

кәсіпкерЕнді әр тоқсан сайын кәсіпкерлік палатасы мен прокуратураның атсалысуымен бизнесмендерге арналған қоғамдық қабылдау өтпек. Жұмыс оңтайлану үшін арнайы чат та құрылатын болады. Айта өткен жөн, жыл басынан бері облыс прокурорлары 2 мыңнан аса бизнесменнің құқығын қорғаған. Ал облыста 120 мыңнан астам кәсіпкер бар.

кәсіпкеркәсіпкер