Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы және облыстың оқу орындарымен бірлесе отырып, оқу ғимараттарында өңірдің ірі өндіріс орындары туралы қысқа ақпарат беретін стенд орналастырылуда.

Ақпараттық стендте басқа аймақтарда кең танымал Оңтүстік Қазақстан облысының 30 ірі өндіріс орны көрсетілген. Сонымен қатар өндірістердің өнімдері және каталог журналдары қойылды. Ақпараттық стенд және өнім тұратын шкафтың негізгі мақсаты – оқу орындардағы студенттер арасында отандық өнімдердің танымалдығын арттыру, жұмыс орындарын көрсетіп, өндірістерді насихаттау арқасында студентер аталған жұмыс орындарға орналасуға әрекет жасау.

Атап көрсетсек, өңірде 94 колледж, 16 жоғарғы оқу орны бар, онда 75 000-ге жуық студент білім алады. Ал 16 мен 29 жас аралығындағы жастардың саны 770 мыңнан асып жығылады. Ескеретін бір жәйт, студенттердің басым бөлігі қолдарына диплом алғанымен, жұмысқа тұрмаған. Оның бір себебі, студенттер арасында жұмыс орындары туралы ақпараттың жетіспеушілігі.

Сондықтан осы стендттен алынған мәлімет оқу бітіруші студенттерге жұмысқа орналасу үшін жан-жақты ақпарат көзі болады деген сенім бар. ОҚО кәсіпкерлер палатасының жоспары бойынша облыстың барлық оқу орындарында ақпараттық стендтер орналастырылады.