Су торабының біткен жұмысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары танысты

Көксу ауылына көптен күткен ауызсу келді. Шардарада аудан орталығынан жырақта орналасқан ауылдың мыңға жуық тұрғыны «Ақ бұлақ»бағдарламасының арқасында енді таза су ішетін болды.

Көксу ауылы
Көксу ауылы

Республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қыруар қаржыға елдімекенде ауызсу жүйелері тартылып, ел игілігіне берілді. 24 сағат бойы үздіксіз таза сумен қамтылған тұрғындар су торабының ашылу салтанатына қатысты.

Су торабының біткен жұмысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары танысты
Су торабының біткен жұмысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары танысты

Ауылдағы ағайын биліктің уәдесін алып, суды тасып ішпейтіндеріне көз жеткізді. Ауылдықтардан бұрын аудан әкімінің өзі қуанышын жасыра алмады. Айта өтейік, аудан аумағындағы 18 елдімекенде «Таза су» қондырғылары үздіксіз жұмыс істеуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=eGU9IsHjCxo[/youtube]