Көлік ұрламақ болған жеткіншектер ұсталды

215
Ұсталған жеткіншектер

Шымкенттегі жол-патрульдік полициясының қызметкерлері кісінің көлігін ұрламақ 3 жасөспірімді ұстады. 16 мен 18 жасар бозбалалар көлікті бөлшектеп сатып жібермек болыпты. Дегенмен, ойлары іске асқан жоқ.

Ұрлана жаздаған көлік
Ұрлана жаздаған көлік

№ 87 мектептің тасасында тұрған мемлекеттік нөмірі жоқ қара түсті БМВ көлігі жол-патрульдік полиция жасағының күдігін тудырады. Қасына барған тәртіп сақшылары ішінде үш жасөспірім ұйықтап жатқанын көрген. Тексеру кезінде олар туысының көлігін айдап жүріп, ұйықтап қалғандарың айтты. Алайда, құжатты тексеру кезінде көліктің құжаттары мүлдем бөтен адамның атында болып шықты. Ал БМВ 16-желтоқсаннан бері ұрланған көліктер тізімінде тұрған екен.

Ұсталған жеткіншектер
Ұсталған жеткіншектер

 «Барымташылар» темір тұлпарды «Спортшылар» шағынауданынан айдап әкеткен. Көлікке терезесін сындырып кіріпті. Атап өту керек, ағымдағы жылдың сегіз айында Шымкентте 160-қа жуық автокөлік ұрланған. Қолды болған көліктердің 40 пайызы табылмаған, қазір іздестіріліп жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, негізінен қымбат емес көліктер жиі ұрланатын көрінеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EPVGb7_inNE[/youtube]

Бұл жолы ұрланған көлік өз иесіне қайтарылды. Әйтпегенде 16 мен 18 жасар бозбалалар оны бөлшектеп сатқысы келген екен. Енді олар көпке дейін көлік мінбей, базардың да бетін көрмеуі мүмкін.