Соңғы уақытта көлік өртену оқиғасы жиілеп кетті. Нақты айтсақ, 23-желтоқсан күні түске таяу Шымкентт автобус өртенді. Оқиға Ерімбетов көшесінің қиылысында орын алған. Мұнда кетіп бара жатқан «МАН» автобусынан кенет ұшқын шыққан.
Абырой болғанда өрт шыққан уақытта автобустың ішінде жолаушылар болмапты. Жүргізушінің жалғыз өзі болған. Ол жарақат алған жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері келді. Тілсіз жау 10 минуттың ішінде толық ауыздықталды. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт мотор жақтан шыққан.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZXnQrD_1HDc[/youtube]
Тағы бір көлік өртену оқиғасы Түркістан қаласында тіркелді. Кешкі сағат 9-дар шамасында жергілікті өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне суыт хабар түседі. Хабарласқандардың айтуынша, қаланың орталық көшелерінің бірінің бойында тұрған БМВ-520 көліктен от шыққан.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=a_5CQyUyCA0[/youtube]
Өрт болып жатқан жерге дабыл бойынша 2 арнайы топ пен жеке құрамның 8 маманы аттанды. Олар келгенде жеңіл көліктің моторы жанып жатқан болатын. Адамдар сыртқа шығып үлгергендіктен, ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ал өрт 15 минуттың ішінде толық сөндірілді. Қазір осы екі оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр.