Енді ғаламтор арқылы бала асырап алуға болады

333
Басқарма басшысы - Ғалия Жүсіпова

Бүгін облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасының мамандары жылдың қорытындысын жасады. Басқарма басшысы Ғалия Жүсіпованың берген мәліметіне сәйкес, күнгейде бала өлімі азайып, жастар қылмысының саны төмендеген. Статистика бойынша 2010 жылы балалар үйінде 509 бала тәрбиеленсе, биыл 378 тәрбиеленушілер бар.

Басқарма басшысы - Ғалия Жүсіпова
Басқарма басшысы — Ғалия Жүсіпова

Елбасының қаулысы бойынша балалардың өмір сүру сапасын жақсату мақсатында мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар өзара келісіп, бірқатар жұмыстар жасалынып жатыр. Сонымен қатар алдағы уақытта қаралатын басты мәселе — мектеп инспекторларының жұмысын күшейту. Осы арқалы жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға болады дейді басқарма басшысы.

 

Ғалия Жүсіпова, ОҚО балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы: «Ата-анасыз қалған балаларды қорғау мақсатында www.usynovite.kz сайты ашылды. Онда отбасына орналастыруға мүмкіндігі бар балалар жайында толық мағлұмат беріледі. Қазіргі таңда осы сайт бойынша 3 асырап алынды, 2 сәби патронаттық тәрбиеге берілді, ал екеуі қамқоршы тапты.»