Оңтүстіктегі әр ауданнан кәсіпкерлер палатасының филиалы ашылады. Палатаның өңірлік төрағасы Нұржан Әлтаев осы мақсатпен Сайрам ауданындағы бизнесмендермен бас қосты. Кәсіпкерлерге палатаның артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндірілді.

 Нұржан Әлтаев, ОҚО кәсіпкерлер палатасының төрағасы: «Кейбір кезде министрліктер бір шешімдерді қабылдап жатады. Бірақ оны қабылдаған кезде кәсіпкерлердің ойы, пікірі еленбейді. Бұл жоба оларға дұрыс па, сәйкес пе, онда ешкімнің жұмысы жоқ. Кейбір кезде көреміз, Астанада ешқашан бизнеспен айланыспаған, ешқашан аймақта болып көрмеген, жақсы кеңседе отырған жас бала кәсіпкерлерге арналған бір бағдарламаны жазып отырады. Одан кейін бағдарлама бізге келіп түседі, сосын оны істеуге тура келеді. Ал ол бағдарлама  кедергісін келтіре ме, жоқ па, оны ешкім білмейді. Сондықтан біздің палатаның екінші мақсаты – осы біздің кәсіпкерлердің дауысын өкіметке жеткізу, Елбасыға жеткізу, одан кейін әкімдерге жеткізу. Егер сіз өз атыңыздан айтатын болсаңыз, онда сізді ешкім тыңдамайды. Ал палатаның атынан айтсаңыз, онда тыңдауға міндетті. Өйткені, заңда солай жазылған.»

IMG_0901

IMG_0903

Мұндай кездесулер бұған дейін Ордабасы мен Бәйдібек аудандарында да ұйымдастырылған. Әлтаевтың білгісі келетіні – жергілікті бизнесменге кедергі келтіретін проблемалардың жай-күйі. Кәсіпкерлер рұқсатнама беру мәселесінде әлі де күрмеулі түйіннің шаш-етектен екенін алға тартты.

IMG_0913

IMG_0912

 Болат Жаңқабаев, кәсіпкер: «Маман тапшылығы – бізде өзекті мәселе. Яғни, өндірістік салаға деген қызығушылықтың аздығы. Мәселен, мен өзімнің компанияма жұмысшы қабылдау кезінде қиындыққа тап болдым. Менің компаниям геологиялық бұрғылау бағаналары мен оның құрылғыларын шығарулармен айналысады. Сонда байқағаным осы болды. Одан кейін құжаттарды дайындау кезінде оны құзіретті мекемелердің ұзақ уақыт ұстауы, рұқсат қағаздарының шешілмей қалуы көптеп кездесетін жағдай.»

IMG_0905

IMG_0924

 

IMG_0926

Жиын барысында бизнесмендер өз ортасынан үміткерлерді де ұсынды. Енді Сайрам аудандық кәсіпкерлер палатасының төрағасы аудандық депутат та болып қалуы мүмкін. Бірақ бұл тақырыпты төраға кеңінен талқылап, бір нүктесін қойып беруге уәде етті.

IMG_0900

[youtube]http://youtu.be/85oTHMW2C7E[/youtube]