«Отырар» телеарнасының ұжымы жаңа жылдық жобаның түсірілімін бастап кетті. Биылғы жоба «Ескіше есеп немесе жаңа жылда не болады?» деп аталады. Алғашқы түсірілімдердің бірқатары «Оңтүстік Цирк» ғимаратында өрбіді.
Сарбиназ Алдабергенова, «Отырар» телеарнасының режиссері: «Телеарнада жұмыс істейтін журналист циркте күлмейді» дейді ғой. Бұл сөздің тамыры тереңде жатыр. Яғни, телеарнаның тілшісі қай саланың болса да жұмысын етене таниды. Тіпті, солардың күйіне түсіп те жатады. Ақиқатқа да тура қарап, әрдайым шындықты айтады. Халықтың жоғын жоқтап, күйін күйттейді. Қуанышына ортақтасады. Көпті шынайы әрі шұғыл ақпаратпен сусындатады. Бұл жобадағы айтпағымыз — телеарнада қызмет етіп, оның жүгін арқалау оңай емес. Тілші болу — халық пен билік арасындағы дәнекер, алтын көпір болу. Әрине, бұл ғана емес, сыйқыр, шоу, түрлі шытырманға тап болу сияқты оқиғалардың бәрі Сіз үшін, көрермен!»