кездесу барысы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерде болып, халықтың тыныс тіршілігімен етене танысуға кірісті. Соның бірі – Оразкүл Асанғазы. Ол облысымыздағы облыстық мемлекеттік фармацевтикалық академиясында болып, жоғары оқу орнының алға қойған жоспарлары және міндеттерімен танысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=9YHn_A1afrk[/youtube]

Алғашқы сөзінде Оразкүл Асанғазықызы болашақ дәрігерлерге Парламенттің жұмысымен, заңдардың қалай қабылданатынын жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, ел тағдыры, әлеуметтік мәселелер, отбасындағы тәрбие, тілге  құрмет сияқты тақырыптар да депутаттың назарынан тыс қалмады.

Оразкүл Асанғазиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:  «Тілін ұмытқан халық- ел болмайды. Сондықтан да ана тілдеріңде сөйлеңдер. Өз Отандарыңды сүйіп, оның өркендеуіне ат салысыңдар. Мамандықтарыңның қыр- сырын ғана емес,  қоғамдық өмірге  белсенді қатысыңыздар. Интернет арқылы пікір  алмасып тұрайық. Қандай да Заң талқыланып жатқанда, маған өз ұсыныстарыңызды сын-ескертпелеріңізді жіберіңіздер. Немқұрайлы болмаңдар. Өйткені сіздер еліміздің болашағысыздар».

Депутатпен кездесуден ұжым қуат алды
Депутатпен кездесуден ұжым қуат алды

vlcsnap-00006 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында мұндай кездесулер жиі өтеді. Алайда бұл жолы өткен жиын ерекше болды. Халық депутатының жастарға деген ықыласы мені қатты қуантты және игі бастамаларға жігерлендірді дейді 2 курс студенті Самал Орынбасар.

Самал Орынбасар, ОҚМФА студенті: » Оразкүл Асанғазықызы айтқан сөздерінің барлығы жүрегіме дейін барды. Әсіресе қыздардың тәрбиесі жайлы айтқан нақыл  кеңестерді көкейімде жүрген еді. Енді құрбыларыма   ата-анамызға кір келтрмей, елімізді, халқымызды сүйіп, нағыз патриот болайық  деп   айтамын».

Фармацевтика академиясының басшылығы ҚР Парлменті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазықызына жоғары оқу орнының жетістіктерін айтып, алға қойған жоспарларымен таныстырды. Бүгінде медицина саласында білікті маман даярлау өзекті мәселе. Өйткені дәрігер тапшылығы тек Оңтүстікте ғана емес, тұтас Қазақстанда сезіліп отыр. Осы орайда халық қалаулысы фармацевтика академиясына үнемі қолдау көрсететінін жеткізді.