Бүгін Шымкентте тәртіп сақшылары қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. Сағат таңғы 10:00-ден кешкі 18-ге дейін тұрғындардың жергілікті полиция бөліміне келулеріне болады. Мұндағы мамандар тұрғындарға ақыл-кеңестерін айтып, қажет болса, көмектерін беруде.
Ашық қоғамдық қабылдау өткізудегі мақсат — әйелдерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғау. Қабылдауға жергілікті көше ұйымдары мен аудандық әкімдіктің өкілдері де келген. Айта кету керек, бұрынғыдай емес, қазіргі таңда әйелге әлімжеттік жасағандарға кесілетін жаза қатал.