Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 125 сауда базары тіркеуден өткен. Онда сауда жасайтындардың саны 23 мыңнан асса, оның ішінде Абай ауданы бойынша салық басқармасында базарларда саудамен айналыстандардың саны 10 мыңнан асқан. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, өңірдегі 3 миллионға жуық халықтың жартысы жұмысқа қабілетті. Облыстағы әрбір 100 адамның екеуі базарда сауда жасайды.
Мұндай мәліметті Абай ауданы бойынша салық басқармасының басшысы баспасөз мәслихаты барысында жариялады. Облыс бойынша тіркеуде тұрған 125 базардан ағымдағы жылы жер салығы бойынша 23 миллион теңгеден астам қаржы түскен. Егер базар иелері жер салығын қайтадан он еселеген ставка бойынша төлеген жағдайда жергілікті бюджетке 135 миллиоға жуық қаржы қосымша түсетін еді дейді салықшылар. Ол үшін қолданыстағы салық кодексіне өзгертулер енгізу қажет деп есептейді мамандар.
Ерұлан Мырзатаев, Абай ауданы бойынша салық басқармасының басшысы: «Бірінші ұсыныс: ҚР салық кодексінің 386-бабының 1-тармағына жер салығындағы он еселенген ставкаға «базар» деген сөзді қосу керек. 2008 жылғы салық кодексінің 337бабында көрсетілгендей, автотұрақтар, жанармай бекеттері, базарлардың жер салықтарының ставкалары он еселенген мөлшерде төленеді делінген. Яғни, базарлардың жер салығын сол кездегі ставкалармен салу қажет.»
Шымкенттегі Сандыбаев жеке кәсіпкерлігі, яғни мал базарынан былтырғы жылдың 9 айында бюджетке 12 миллион теңгеден астам ақша түскен болса, биыл осы мерзімде 361 мың теңге ғана түсіп отыр. Бюджетке түсім 97,2 пайызға төмендеген сөз.
Базардың нақты табысын анықтау мақсатында облыстық салық департаментінің мамандары зерттеу жүргізді. Нәтижесінде мал базарының бір күндік табысы 1 миллион 730 теңгені құраған. Мұның салық төлеушісінің табысы оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне сәйкес келмейтіні анықталған. Мұндай келеңсіздіктерге жол берілмес үшін салықшылар ұсыныстарын жоғарыға жіберіпті.
Ерұлан Мырзатаев, Абай ауданы бойынша салық басқармасының басшысы:»Салық кодексінің 634-бабының 6-тармағына қосымша, яғни, салық төлеуші хронометраждық зерттеу жүргізілген салық кезеңінде тапсыратын салық есептеліктерінде міндетті түрде көрсету және 607-бапқа қосымша хабарлама хронометраждық зерттеу жұмыстарының қорытындысын салық есептеліктерді міндетті түрде көрсету деген сөзді қосу керек.»
Базарлардың салық төлеу көлемін және жер салығы түсімдерін көбейту, патент негізіндегі арнаулы салық режимін әкімшілендіру бойынша салық заңдылығын жетілдіру бойынша ұсыныстарымыз ескеріліп, салық кодексіне өзгерістер енгізілсе, қазына толығып, әрбір тиын есепте болады деп сенеді салықшылар.