Шымкентте көліктерге ұрлыққа түсіп келген шетел азаматы қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі хабарлайды.
Қаладағы Еңбекші полиция бөліміне бір азаматша шағымданып, «Хёндай» маркалы көлігін белгісіз біреулер ашып, ішінен ноутбук пен ақшасын алып кеткенін айтқан. Шұғыл іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында поилция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол — 50 жастағы Грузия азаматы болып шыққан. Сезікті тергеу барысында өзінің әрекетін мойнына алды. Одан ұрланған айғақты заттардан бөлек қылмыс құралды да тәркіленіп алынған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-PuzWoo38mY[/youtube]
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FRNdchwIxj8[/youtube]
Қазірті таңда күдікті азамат уақытша тергеу абақтысында қамауда жатыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.