Шолпан мен Сұлтанның анасы табылды

269
Шолпан анасымен бірге

Шолпан мен Сұлтанның анасы табылды! Сәбилерді екі ай бойы таптырмай келген анасы бейімдеу орталығына келіп, алып кетіпті. Естеріңізде сала кетейік, осыдан бір жеті бұрын көршісіне 2 күнде келемін деп перзенттерін қалдырған әйелдің қайтып оралмағанын жазған едік.

Шолпан анасымен бірге
Шолпан анасымен бірге

Мұндағы мамандар сәбилердің аналары 2 айдың ішінде табылмаса, қос бүлдіршіннің құжаттары рәсімделіп, балалар үйіне тапсырылады деген еді. Енді, міне, Шолпанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан 26 жастағы Жамал есімді келіншектің өзі алып кетіпті. Мамандарға жалғызбасты әйел бұл қадамын күнкөрістің қамы деп түсіндіріпті.

Сұлтанның анасы табылды
Енді Сұлтан да анасымен бірге болады

 Жанар Қарынбаева, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары: «Балалардың анасының айтуы бойынша, ол базарда киім сатады екен. Сол үшін келіншек Алматы қаласына әпкесінен ақша алуға кеткен. Содан ақша таппай, Алматы қаласында біраз аялдап жүріп қалған. Осылайша ақшаны тапқаннан кейін, Қырғызстанға тауар алуға жол жүрген. Қырғызстанда Жамал құжаттарын жоғалтып алыпты. Оның ішінде шетелдік төлқұжаты да болған. Сөйтіп оны сол жердегі ішкі істер қызметкерлері ұстап, 25 күнге қамап қойыпты. Міне, Жамал есімді әйел балаларын көршісіне тастап, кідіруін осылай деп түсіндірді.»

[youtube]http://youtu.be/SDoDNBGjsjA[/youtube]