Шымкенттің әуежайында ірі көлемдегі алтын бұйымдарын заңсыз алып өту әрекеті әшкереленді. Еліміздің аумағына 3 келіге жуық әшекей заттарды заңсыз алып кірмек болған Қазақстан азаматын шекарашылар әуежайда құрықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Анық болғандай, «Шымкент Авиа» шекараны бақылау жасағының сарбаздары Стамбұлдан Шымкентке келген ұшақтың жолаушыларын тексереді. Соның барысында жолаушылардың бірінің сөмкесінен заңсыз алып өтпек болған зат табылды. Ол — шағын қалталарға бөлініп салынған зергерлік бұйымдар. Бұл жүктің иесі — 38 жастағы азаматша әшекей бұйымдарын елімізге сату үшін алып келе жатқанын мойындады. Қазіргі таңда заңды бұзған тұлға қамауға алынған. Тергеу аламдары жалғасуда.