Шымкентке 4G интернет келді

313
ALTEL "4G" - интернеттің жаңа желісін ұсынады

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=buMFTV72Hgo[/youtube]

Енді Шымкенттегі ғаламторға қосылудың жылдамдығы арта түсуі мүмкін. Мамандар жылдамдықтың көрсеткіші секундына 100 мегабитке дейін жетеді деп отыр. Дәл осындай жоғары жылдамдыққа енді ALTEL компаниясының көмегі арқылы жетуге болады. Компания ұсынған 4G интернет жаңа желісі ауқымы кең фильмдерді көріп, санаулы секундтарда жүктеуге мүмкіндік береді.

ALTEL "4G" - интернеттің жаңа желісін ұсынады
ALTEL компаниясы Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан

ALTEL  компаниясы мобильді интернеттің жылдамдығын анағұрлым жақсартып отыр. Оператор алғашқы болып 4G желісін Шымкентте қолданысқа енгізді. Енді әрбір шымкенттік ұялы смартфондар мен модемдер арқылы интернетке секундына 100 мегабит жылдамдықпен қосыла алады.

"4G" жоғарыжылдамдықты ғаламтор желісі
4G жоғары жылдамдықты ғаламторға қосылуға мүмкіндік беретін Wi-Fi құрылғы

 Бұған дейін жоғары жылдамдықты ғаламтор Қазақстанның бес қаласында қолданысқа енген. Олар – Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Өскемен. Алтыншы болып Шымкент сапқа қосылды. ALTEL  мамандарының айтуынша, тұтынушыларды жоғары жылдамдықты 4G интернет желісінің сапасы ғана емес, трафиктің бағасы да қуантып отыр. Ең бастысы, бұл көпке қолжетімді және қолданыстағы 3G желісін басып озады.

 ALTEL тұтынушыларына жеңілдік тарту жасауда
ALTEL тұтынушыларына жеңілдік жасауда

Илья Цай, тұтынушылармен жұмыс жүргізетін топтың аға маманы: «Өзге желілерден артықшылығы – байланыстың жаңашылдығы, жаңа бағыт және оңай, тез қолдануға болады. Бұл қызмет әзірге біз де – ALTEL  компаниясында ғана бар.»

Бұдан бөлек, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында ALTEL  өз тұтынушыларына арнайы ұсыныс-жеңілдік жасап отыр. 4G желісіне қосылған әрбір клиентке қосымша 99 гигабайт интернет-трафик сыйға беріледі.