Күнтізбені күтіп тұрғандай, Шымкентке қыс келді. Қыс болғанда, тобықтан асар қары бар, аязды қыс. Желтоқсан айының төртінші жұлдызы күні кешке басталған қардың соңы қарға ұласып, қала бір түнде ақ ұлпаға оранып шыға келді.
Айта кету керек, қаладағы коммуналдық қызметтің жұмысшылары Шымкенттің көшелерін түні бойы тазалап шықты. Мамандар көшеде көлік тығыны орын алуына жол берген жоқ деуге болады.
Бірден мол жауған қар біраз келеңсіздік те ала келді. Кейбір жерде дымқыл қардың салмағынан ағаш бұтақтары сынып қалды. Абырой болғанда, бұл оқиғалардан адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=C0HvaB6N0pg[/youtube]