Шымкентте банк көбеюде

214

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bEFKwfm6iDQ[/youtube]

Шымкентте тағы бір банк бөлімшесі өз есігін тұтынушылар үшін айқара ашты. Бүгін қаламыздағы Темірлан тасжолы бойынан «Темірбанктің» жаңа бөлімшесі ашылды. Айтулы шараға банктің тұрақты тұтынушылары және қызметкерлері келген. Қонақтар бөлімшенің жаңа үлгісі мен заманауи техникаларына тәнті болды.

 Мұнда халық үшін банк қызметінің барлығы дерлік ұсынылады. Яғни, операциялық жүйенің барлық қызметі, валюта айырбастау, несие рәсімдеу, сенімді депозит ашу, есептеу-кассалық аударымдар секілді жұмыстарды пайдалана аласыз. «Темірбанктің» мамандары өз кезегінде тәулік бойы жерлестерімізге қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз дейді.