Шымкентте тәуелсіздік мерекесін тойлау басталып кетті. Айтулы датаға орай қаламыздағы Гайдар атындағы балалар кітапханасында кішкентай оқырмандар бас қосты. Арнайы шарада азаттық таңының қадір-қасиеті мен желтоқсаншылардың тағдыры суреттелген жыр жолдары мен баяндамалар оқылды.
Сержан Қасымбекұлы, №50 мектептің оқушысы: «Мен басты рөлдегі атаның рөлін ойнадым. Әрине, аға-әпкелерімнің алдында аздап қобалжу сезімдері болды. Мен болашақта әскери қызметкер болғым келеді. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлкен үлес қосып, елімді қорғасам деймін.»
Мерекелік шара соңында кішкентай оқырмандар «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнімен кешті тәмамдады. Айта кету керек, мерекелік сабақта оқырмандар үшін «Тәуелсіздік таңы» атты арнайы кітап көрмесі ұсынылды.