Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының Шымкент қаласында орындалуы туралы қала басшысы Дархан Сатыбалдының есебін тыңдады.

Шымкент қаласының әкімі - Дархан Сатыбалды
Шымкент қаласының әкімі – Дархан Сатыбалды

Шымкент әкімінің хабарлауынша, 2013 жылдың 11 айында облыс орталығында жиырма екі мыңнан астам жұмыссыз адам тіркелген. Бұл көрсеткіш жұмыссыздық деңгейінің 6,6 пайызын құрайды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөліміне 11091, жұмыспен қамту орталығына 9498 адам өтініш білдірген. Осылардың арасынан 17408 азамат жұмыспен қамтылыпты.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін Шымкент қаласына бюджеттен бөлінген қаржылар мақсатты жұмсалып, жоспарланған жұмыстар жүйелі түрде орындалып келеді. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бағдарламаны қарапайым жұртшылық арасында кеңінен насихаттауды жүктеді.

Дереккөз: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі