Әне-міне дегенше Жаңа жыл да келіп қалды. Сол жаңа жылдың жасыл шыршасыз сәні кірмейтіні рас. Қалаға жасыл шыршалардың түр-түрі әкеліне бастады. Мұндайда дұрыс таңдау маңызды. Жасанды шыршаны қалайсыз ба әлде шынайы табиғи шыршаны таңдайсыз ба? Бастысы — қалтаңыздағы қаржының қомақтылығы.
Жасанды шыршалардың бағасы 10 мың мен 70 мың теңгенің аралығында. Мамандардың айтуынша, олар өрт орын алған жағдайда жанбайды, тек ериді екен.
Шеттен әкілетін кәдімгі табиғи шыршалардың бірнеше түрін Шымкенттен де кездестіруге болады. Қылқан жапырақты ағаш өсірумен айналысатын Ақылбек Алихановтың шырша бағының өзінде 10-нан аса түрі бар. Мұнда биіктігі 5 см шырша көшетінен бастап, 2-3 метрге дейінгі аршаларды көруге болады.