Президент құрметіне арналып концерттік бағдарлама өтті

Шымкентте тұңғыш Президент күнін тойлау жоспарға сәйкес өтуде. Елбасының өмірі мен елге сіңген еңбегінен сыр шертетін шараларға біз де қатысып қайттық. 

Айтулы шараға 18 жасар жігіт Елбасыға арнаған жүрекжарды шумақтарын әкеліпті. Өткен жылы Қытай халық республикасынан келген қандасымыз Думан Ержан бүгін қалалық Абай атындағы кітапхана төрінде өз шығармасын мақтанышпен оқып жатыр. Жас ақын сиясы кеппеген өлеңінен бөлек, бүгінге дейін Президент кемеңгерлігі жайында 20-ға жуық туынды жазып үлгерген.

Думан Ержан Елбасыға арнау оқыды
Думан Ержан Елбасыға арнау оқыды

Думан Ержан, жас ақын: «Елбасының оралмандарға деген дұрыс саясатының арқасынд келіп, осы дайындық курсында оқып жатырмын. Нұрсұлтан Әбішұлі бізге тегін оқу мүмкіндігімен қатар, тегін жатақхана жағдайын да жасады. Бізге бар жағдай жасалып, бар көмек көрсетіліп жатыр».

Қалалық Абай атындағы орталық кітапхананың оқырмандары мен қызметкерлері қатысқан арнайы шарада студенттер шарықтата ән салып, Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолынан баяндамалар оқыды. Бұл – көптің мемлекет басшысына деген құрметін білдірсе керек.

[youtube]http://youtu.be/zs_kbBAzRfY[/youtube]

Перизат Алшабаева, Абай атындағы орталық кітапхананың директоры: «Оқырмандардың көптеген сұраныстары Президент жайындағы еңбектер болғандықтан және оларды осы тақырып толғандыратындықтан, біз Президент кітаптарын көпшілікке ұсынамыз. Бір маған ғана емес баршаға ол кісінің өміржолы қызық. Ал Н.Әбішұлы жайындағы кітаптарды біз жылдағы дәстүр бойынша жаңағы кітап қорына қосып, кітап қорына алып отырамыз».

Мемлекет басышысының құрметіне арналған кеш облыстық «Отырар» кітапханасында жалғасты. Мәдени ошаққа қаламгерлермен қатар, ЖОО-ның студенттері қатысты. Елбасының саясаттағы қолтаңбасы баяндалатын бейнежазбалар да осында көптің назарына ұсынылды.

Ақбөпе, Байділдаева, облыстық «Отырар» кітапханасының бөлім меңгерушісі: «Осы Елбасымыздың арқасында мынадай керемет ғимаратқа қол жеткізіп отырмыз. Бүгінде бар жағдай жасалғандықтан, оқырмандарымыздың да саны артқан».

Студенттер тыл ардагерлерімен кездесті
Студенттер тыл ардагерлерімен кездесті

Ал айтулы датаға орай, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері мен ұстаздар қауымы тыл ардагерлерімен кездесті. Елбасының құрметіне ашылған инновациялық кабинетте өрбіген шарада жастарды Н.Әбішұлының саясаттағы ең алғашқы қадамдары қызықтырды.

Дүйсенкүл Бопова, тыл ардагері: «Маған Елбасының жасап отырған бар саясаты ұнайды. Мәселен, қазір жастардың жағдайын жасап, ел болшағаны қалыптастырып жатыр ғой. Сондықтан мен Н.Назарбаевтың барлық бастамаларын қолдаймын».

Президент құрметіне арналып концерттік бағдарлама өтті
Президент құрметіне арналып концерттік бағдарлама өтті

Ел Президенті Н.Әбішұлының құрметіне арналған шара патриоттық әдерге ұласты. Ал көрермен қауым орындарынан тапжылмай концерттік бағдарламаны тамашалады. Арнайы қонақтар арасында тыл және ҰОС ардагерлері, ақын-жазушылар және ЖОО-дарының студенттері бар.

Кеш көрермендері
Кеш көрермендері

Айта кетейік, тұңғыш Президент күнін тойлау шарасы келер жылы жалғасын табады. Ал жерлестеріміз асыға күткен айтулы дата Шымкентте апта бойы жалғасатын болады.