Тәуелсіздік мерекесінде марапатталғандар көп

335
Этномәдени орталықтардың фестивальі

Шымкентте тәуелсіздік тойы арқа-жарқа аталып өтті. Мерекелік шараларда түрлі саланың қызметкерлері құрмет грамоталарымен марапатталды. Шаһардағы этно-мәдени орталықтың өкілдері осы мейрамды ерекше тойлағандар қатарынан табылған.

Облыстық ішкі істер департаментінің мамандары тәуелсіздік тойын әнұранды әуелете шырқаудан бастады. Содан кейін дептартамент басшысы Асқар Оспанов қоғамдық тәртіпті қорғауда және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жоғары жетістіктерге жеткен құқыққорғаушыларды төс белгілермен және алғыс хаттармен марапаттады.

Облыстың судьялары марапатталды
Облыстың судьялары марапатталды

Азаттықтың қадір-қасиетін арттыратын мереке аясында облысымыздың судьялары да марапаттан шет қалмады. Сарыағаш аудандық №2 сотының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының 2-дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» медаліне ие болды. Ал «Сот жүйесінің ардагері» медалі ардагер судья Мейірхан Әміровке тағылды. Елбасының «Құрмет грамотасы» Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманбердіге табысталды.

Ермахан Рахманберді, Сарыағаш аудандық сотының төрағасы: «Елбасының атынан берілген құрмет грамотасын алып отырмын. Мұны еңбегіме берілген баға деп түсінем. Бұл да болса үлкен жауапкершілік. Қандай игі жұмыс жасасам да елге адал қызмет еттім деп ойлаймын. Ең бастысы — халқыма қандай да бір пайдам тисе, мен үшін үлкен қуаныш.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XcaMbXDjRy0[/youtube]

Осы мереке аясында көркемсурет галереясында өлкеміздің қылқалам иелерінің көрмесі ашылды. Онда өлкеміздің мэтр-суретшілердің туындылары жұртшылық назарына ұсынылды. Көрмеге бейнелеу өнерінің түрлі бағыттары мен әдісінен сыр шертер 130-ға жуық шығармалары қойылыпты. Ал осы еңбек авторларының айтуынша, еліміз егемендік алған уақыттан бері шығармашылықтың шекарасы кеңейген.

Зұлқайнар Қожамқұлов, суретші: «Қазір демократияның заманы ғой. Сондықтан ой еркіндігі, шығарманың бостандығына байланысты дүниелерді салып жатырмыз. Көрмеге келушілер біздің айтар оймызды оқымай-ақ біліп қояды. Бұл — біздің тәуелсіздік сыйлаған жетістігіміз деп білемін! Бұл біздің ғана емес, қалың елдің жетістігі!» 

Этномәдени орталықтардың фестивальі
Этно-мәдени орталықтардың фестивалі

Жанданған би, әсем әндер, мерекелік костюмдер. Мұндай тамаша тартудың бәрі тәуелсіздік мерекесінің құрметіне арналып отыр. Облыстағы этно-мәдени орталықтың өкілдері мерекенің мерейін асыру үшін фестиваль аясында өз өнерлерін көптің алдында паш етті.

Көрермендер де әдемі костюмдерімен ерекшеленді
Көрермендер де әдемі костюмдерімен ерекшеленді