[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pVObhp_rMdQ[/youtube]
Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының жөндеу жұмыстары биыл аяқталмайтын болды. Мәдениет ошағы басшыларының айтуынша, театрды қайта қалпына келтіру жұмыстары келер жылдың көктеміне шегеріліп отыр.
Дегенмен, мердігерлер негізгі жұмыстарды аяқтағанын айта кету керек. Жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан бөлінген 200 миллион теңгенің 80 пайыздан астамы игеріліпті. Қалған қаржы келер жылға ауысатын болды. Естеріңізге сала кетейік, Жұмат Шанин атындағы облыстық дарама театрының хасбетін жөндеу жұмыстары 2013 жылдың қазан айында басталып, кесте бойынша желтоқсанның 25-күні аяқталуы керек болатын.