Сексеуілді заңсыз кесушілер азаймай отыр

 Облысымызда сексеуіл ағашын кесуге тыйым салынса да көк сексеуілді шапқан екі факті анықталып отыр. Алайда, айласын асырып кетеміз деген әккілер дереу анықталып, табиғатқа залал келтіргені үшін әкімшілік айыппұл төледі.

Естеріңізде болса, осы жылдың 9-тамызында алдағы бес жылда сексеуілді шабуға мүлдем тыйым салатын заң күшіне енген болатын.

 Жалпы, жыл басынан бері тыйым салынған ағашты кесудің 30 оқиғасы тіркелген. Табиғатқа келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге деп бағаланып, ол сұғанақтардың есебінен өндірілген.

Жалпы, бұдан былай сексеуіл шапқандарға айыппұлмен қатар қылмыстық жауапкершілік те қарастырылды.

Хамит Жорабеков, ОҚО орман және аң шаруашылығы аумақтықтық инспекциясының бас маманы: «Егер табиғатқа келген залал көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен асып кететін болса, онда сұғанақтың үстінен қылмыстық іс қозғалады.»