Жатақханадағы студенттер

Биыл Шымкенттің студенттері қыста жаурамайды. Қаладағы мемлекеттік жоғарғы оқу орнының жатақханаларына жылу уақтылы берілді.

 Студенттік өмірді ауызға алғанда жатақхана өмірін айтпай кетуге болмайды. Осы арада айта кетерлік жайт, қазір біраз жатақханаларда компьютер сыныптары ашылыпты. Ондағы компьютерлер интернетке қосылған. Бұл сынып жастар үшін түскі сағат 1500-ден кешкі сағат 22-оо-ге дейін жұмыс жасайды.

 Бақтылы Әбдіғани, І курс студенті: «Мен шет тілі (ағылшын және неміс) мамандығында оқимын. Сондықтан ғаламтордағы сөздіктерді жиі пайдаланамын. Аударылуы қиындау сөйлемдерді де интернеттен тауып, үй тапсырмасын дұрыстап орындауға тырысамын. Мәселен, кітапханада жоқ мәліметтерді ғаламтордан тауып жатамын. Бұл – біз үшін үлкен көмек болып тұр.»

Жатақханадағы студенттер
Жатақханадағы студенттер

Ал бұл сәтте кей студенттер бөлмелерінде отырып сабақтарын орындайды. Студенттік өмірдің қызыға мен шыжығына енді ғана көндіге бастаған І курстың ізденушілері жатақхана екінші үйлеріне айнала бастағанын жасырған жоқ.

Ғазиза Ізтай
Ғазиза Ізтай жылы батареяны ұстап, мәз болып отыр

Ғазиза Ізтай, студент: «Күнде оқудан жаурап келгенде жатақхананың және бөлмелеріміздің іші жып-жылы болып тұрады. Бұған да шүкір. Алғашында әрбір жексенбіде ауылға кетуге асығып тұратынбыз. Қазір үйрендік. Баспанадағы төсек-орын мен жиһаздар осы жатақхана тарапынан беріледі, бірақ бөлмемізді таза ұстау – өзіміздің міндетіміз. Ал ас мәзіріне келетін болсақ, оны бөлмелес қыздармен кезектесіп жасаймыз.»

Студенттер асханасы
Студенттер асханасы

Тамақ демекші, жатақхана студенттері асты өздері әзірлейтіні белгілі. Бұл үшін асхана, табиғи газ да қарастырылған. Сондықтан жастар еш қиналмай, тіпті қазақтың ұлттық тағамы – бесбармақты да дайындап жүр.

Ізденушілер әзірлеген ас
Қазақтың бесбармағы

Айдана Қанай, студент: «Бүгін ас дайындау – менің кезегім, қазір ет асып жатырмын. Қазы-қарта, жал-жая барлығын да осында пісіріп, қамырды да осында жаямыз. Ешқандай қиындық тудырмайды, табиғи газ бар және оны жағу үшін сіріңке де қажет емес. Мәселен, мен күн сайын кешкі 18-00-де сабақтан келемен. Аптасына 1-рет тамақ әзірлеп, 1 рет ыдыс-аяқ жуамын. Бұл кезекшілік әдісі бөлмелестеріміз арасындағы татулық пен құрметті сақтайды. Бір жағынан тәртіп дегендей. Жатақхана болған соң, кей кезде дайын тамағымыздан көз жазып қалатын кездер де болады. Пісті-ау дегенде, асханадағы ас қазанымен жоғалып кетеді, 20 минуттан кейін бос қазан тұрады. Алғашында ренжитінбіз, қазір үйреніп те қалдық.»

[youtube]http://youtu.be/vQqRRAifi6Y[/youtube]

Жатақханада кітапхана, асхана, кинозал, ғаламтор бөлмесі бар. Қысқасы, сабақты үздік оқуға жағдай жасалған. Сондықтан жастарға тек білім алу ғана қалды. Ендеше, іске сәт, студент!