Шымкентте жолаушы тасымалдау саласындағы үздіктер марапатталды. Қала жұртшылығын қоғамдық көлікпен тасымалдайтын бір топ жүргізушілер мен компания басшылары облыстық көлік және коммуникация басқармасының алғыс хаттарын алды. Оларға қол жеткізген жоғары көрсеткіштері үшін облыс басшысы мен қала әкімінің алғыс хаты да табысталды.
Алғысқа ие болған 20 жүргізуші қазір барлық транспорт талапқа сай, жұмыс жасауға ешқандай қиындық жоқ екенін айтты. Өмірінін жартысын күре жолда өткізген Жандар Кошпақов автокөлік жүргізудің қыр-сырын айтып, жиналғандарға басынан өткен қызықты оқиғаларды баяндап, мәз-мейрам етісті. Қария қазір жасы 77-ге келсе де оқтын-оқтын көлік жүргізіп тұратынын да жасырмады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=c8ypzGWQN9Q[/youtube]
Жандар Қошпақов, зейнеткер: «Мен Сарыағаш ауданында тұрамын. Көлік жүргізу — өте бір қызық кәсіп. Қазір жолаушылар көлігін айдайтындардың көбісі жастар деп дүрлігеміз ғой. Мен олай деп ойламаймын. Себебі, автобус жүргізушісі болдың ба, сенің мойныңа бірнеше адамның өмірі тұрады. Екінің бірі үлкен көлік жүргізе алмайды ғой. Олардың арнайы жолаушылар көлігін айдауға берілген рұқсат қағаздары бар.»