Шымкенттегі құрылыс орындарының бірінде қанды оқиға орын алды. Атылған оқтан 21 жастағы құрылысшы қаза тауып, тағы 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Оқиға Астана даңғылы бойындағы құрылыс нысандарының бірінде болыпты.

Қанды оқиға 2013 жылдың 25-желтоқсанынан 26-на қараған түні орын алған. Пышақ және шолақ мылтықпен қаруланған белгісіз адамдар құрылыс нысанына келіп, жұмысшыларды атып, пышақтай бастаған. Соның салдарынан Ордабасы ауданының 21 жасар тумас оқиға орнында қаза тапты. Тағы 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-696qYqysHo[/youtube]

Тергеу барысында күдіктілердің Сайрам ауданының тумалары екені анықталды. Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты 31 және 33 жастағы 2 күдікті ұсталып, тағы 4 адамға іздеуге жарияланған. Алайда, қарулы топтың қарапайым құрылысшыларды неге қырып салмақ болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда бұл қылмысты полиция қызметкерлері мұқият тексеріп жатыр.