Шымкенттің экологтары дабыл қағып отыр. Шаһарымыздағы өзен-көлдер экологиялық апатқа ұшырауы мүмкін. Мәселен, қаладағы Қошқар ата өзенінде қансорғыш сүліктер көбейіп кеткен. Сөйтіп, қоқысқа толған Қошқар ата өзені дәл бүгінгі күні қансорғыштардың мекені болып тұр. Жаға ұстатарлық фактіні жақында жергілікті ғалымдар айтты. Суға зерттеу жүргізген ғалымдар ондағы сүліктің бірнеше есеге артып кеткенін анықтапты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Hl1nIXJg9Iw[/youtube]
Акмарал Исаева, «Экологии и биотехнология» ғылыми зерттеу институтының директоры: «Егер бұрын Ордабасы алаңынан Республика даңғылына дейінгі аралықтағы өзен суын тексергенде 1-2 сүлік шықса, қазір әрбір учаскеден қансорғыш табамыз. Яғни, өзендегі сүліктер саны 5-тен 10-ға дейін жетіп отыр. Бұл қансорғыштар түрлі қауіпті дерттің тасымалдаушысы да болуы мүмкін. Анықталғаны сол — сүлік бойында түрлі жұқпалы аурудан қалған вирустар 1 айдан 3 айға дейін сақталатын болып шықты.»
Сүлікпен емдеуді жөн көретін жандар үшін Қошқар атадан табылған сүліктер жағымды жаңалық болып отыр. Алайда, биология ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Исаева өзеннен табылған нақ осы сүліктер арқылы емделуге асықпауға кеңес береді. Дегенмен, ғалымдар Қошқар атаны қансорғыштар басып кетіпті екен деп шомылмай қоймаңыз дейді. Өзеннің бұлақ көздеріне жақын маңға суға түсіп, ем алуға болатын жерлер әлі де баршылық.