Үш баласын тастап кеткен әйел анықталды

609
Керемет

Шымкенттің тәртіп сақшылары осыдан бірнеше күн бұрын қалада кісі есігінің алдына үш бірдей перзентін тастап кеткен ананың жеке басын тұлғасын анықтады. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мамандары осылай деп хабарлайды.

Салтанат Қаракөзова
Салтанат Қаракөзова

«Қыстың көзі қырауда өз балаларын бүрсеңдетіп, далада қалдырып кеткен әйел 1992 жылы туылған жеңіл жүрісті келіншек болып шықты. Ендігі жерде оның тұратын жері анықталу үстінде. Тәртіп сақшылары азаматшаны қолға түсіргеннен кейін ол ата-аналық құқынан айырылуы мүмкін. Ал ондай жағдайда 3 жастағы Керемет пен 1,5 жастағы Мирас және 8 айлық Кәусар балалар үйіне тапсырылатын болады дейді мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

Естеріңізге сала кетейік, 1-қаңтар күні Шымкент қаласының «Қайтпас-1» шағынауданындағы тұрғындарының бірі үйінің алдынан үш бірдей бүлдіршінді тауып алған болатын.