Әкім шенеуніктерге қоғамдық көлікпен жүруді тапсырды (видео)

247

Шымкенттік шенеуніктер бір күн бойы қоғамдық көліктермен жүретін болады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының есебінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов осындай қатаң тапсырма берді. Басқармада жұмыс істейтін 35 маман мен қаланың көлік бөліміндегі қызметкерлер жолаушылардың проблемаларымен осылайша етене таныспақ.

 Есеп берген көлік басқармасының басшысы жолаушылар көлігіне ақпараттық қондырғылар орнатудан Оңтүстік өзге өңірлерден көш ілгері келе жатқанын айтты. Бірақ, одан жолаушы тасымалының сапасына қатысты шағым өспесе, кемімепті. Басқарманың бұл саладағы жұмысы жүйесіз деген әкім шенеуніктердің өздеріне сол автобустармен бір күн жүруге тапсырма берді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YXG7ytww9Nk[/youtube]