Табиғаттың тылсым күші шымкенттіктерді тағы таңдандырды. Ауа райы мың құбылып, қармен аралас жаңбыр жауып, қала көшелері шылқылдаған су болды. Коммуналдық қызмет көрсету мекемелері көшелердің қарды күреуін не суын сырғытуын білмей дал.
16 техникасы бар «Югдорсервис» мекемесі қар жауа қалса 31 көшені күрейміз деп, жұмысшыларын дайындап отыр. Ал «ЛТД тұрмыс» ЖШС 24 техника шығарды. Жаяу жүргіншілер жолын тазарту әзірге мүмкін болмай отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=adta9zdu2no[/youtube]