Қолжетімді баспанаға баса назар аударылады

278

Таяуда Үкімет басшысы әдеттегідей әкімдерді емес, қолжетімді баспанаға қол созғандарды жинай алмай жүрген «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» сынға алды.

Серік Ахметов, ҚР премьер-министрі: «Облыстардың дәл жартысы «Тұрғын үй жинақ банкі» желісі бойынша тұрғын үй енгізу бойынша жүз пайыз, ал қалған өңірлер 70 пайыздан нөлге дейін орындайды. Сендерде Қазақстанда таңдап алынған өңірлер бар ма? Жұмыс істемей отырсыңдар. Неге әр облыста көрсеткіш әр түрлі? Маңғыстау, Жамбыл,Астана, Оңтүстік Қазақстан — нөл пайыз. Мұнда қол жетімді баспана алғысы келетіндер жоқ па? Қаражатты қолдана алмай отырғандар өз жұмысын білетін аймақтарға берсін ақшаларын.»

Ел демографиясының локомотивіне айналған біздің облыста баспана қажеттілігі жоқ дегенге сенесіз бе? Көкейге түйген сауалмен сол «Тұрғын үй жинақ банкінің» басшылығына бардық. Ондағылар банк пен қала әкімдігі арасында 2011 жылы келісім-шарт түзілгенін алға тартты. Соған сәйкес жергілікті билік аталмыш бағдарлама бойынша 2012 жылға дейін көпқабатты 10 үй салып беруі қажет болатын. Әзірге онның алтауы ғана ел игілігіне берілген көрінеді.

ggggg

Әйгерім Мықтыбаева, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ОҚОФ бөлім басшысы: «Біздің банк пен әкімшілік одан кейін қосымша келісім-шарт жасасты. Содан соң бастапқыда көрсетілген мерзім 2013 жылдың соңына ауыстырылған болатын. Енді бүгінде сол үйлердің біреуі толық бітіп тұр. Қалған үшеуі биыл беріледі деп күтілуде.»

Ахметов жақтаған әкімдерді банктегілер мақтамайды. Құрылысқа келгенде жергілікті биліктің күтетіні Қорқыттың көрі болды. Себебі, қалған үш үйдің бірінің ісі сотта жалғасып жатқан көрінеді. Ал екеуі…

llllll

Еркін Бұқарбаев, Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы: «63 пәтерлі 2 үйге келсек, ондағы мәселе мердігер мекеменің істі өз кестесінен қалып жүргізуінде болды. Желтоқсан айына дейін құрылысты аяқтау керек еді мердігер мекеме. Бірақ құрылыс кестесінен кеш қалды.»

jjjjj

«Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасының қатысушысы болсаңыз, енді сол үш үйден үмітіңіз үзілмесін. Құрылыс бөлімінің мамандары ол баспаналар биылдан қалмай қожайынын табады деп отыр. Сонымен қатар, облысымыздағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларының саны 17 мың адамға жеткенін айта кетейік.