Таяуда Шымкентте қайғылы жағдай орын алды. Үй өртеніп, бір адам қаза тапты. Қайғылы жағдай Шәмші Қалдаяқов және Гвардейский көшелерінің қиылысында орын алған. Осында тұрған екі қабатты үй өртенеді. Суыт хабар бойынша оқиға орнына 3 арнайы топ және 15 өрт сөндіруші жедел аттанды. Олар келгенде екі қабатты үйдің бірінші қабатындағы бөлме жанып жатқан болатын.
Мамандар тілсіз жауды 20 минуттың ішінде сөндіріп үлгерді. Осылайша қызыл жалынның көрші үйлерге өтіп кетуіне жол берілген жоқ. Алайда, бөлме ішіндегі өрт сөндірілген соң еденнен белгісіз ер адамның мәйіті табылды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YMskbKT7-Po[/youtube]
Бір айта кетерлігі, марқұмның денесін күйік шалмаған. Соған қарағанда өрт шықпай тұрып мерт болуы әбден мүмкін. Өрт сөндірушілер мәйітті полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазір кісі өлімі фактісін Абай полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр.