Өтіңізге тас толса…

Өт жолында тас жиналу да ашу-ызалы адамдарда кездесетін ауру
Өт жолында тас жиналу да ашу-ызалы адамдарда кездесетін ауру
Өт жолында тас жиналу да ашу-ызалы адамдарда кездесетін ауру

Өт жолында тас жиналу да ашу-ызалы адамдарда кездесетін ауру. Олар тәкаппарлықтан арылуға талпынбайды. Шаншу тітіркенудің салдарынан болады. Шыдамсыздық, өзгелердің әрекетіне үнемі көңіл толмаушылық, жылдар бойғы сақталып келген ауыр ойлар тастың жиналуына әкеп соғады. Не ойласаңыз сол болатынын ұмытпаңыз. Дәрігер Синельниковке емделушілердің бірі өт жолдарының шаншып, түйіліп ауыратынын айтады. Әңгіме барысында әйел өзінің жиен қайын сіңілісіне деген өкпесін жеткізеді. 

– Он сегізге толмай жатып, менімен дөрекі сөйлеседі, басынып барады өзі. Қолымда болса аямай жанын шығарар едім дейді ол бұлқынып. 

– Ол қазір сізбен бірге тұрады ма? – деп сұрайды дәрігер. 

– Жоқ, күйеуімнің анасымен бірге тұрады. Өзі университетте оқиды. Ал ата-анасы жырақта. Жиен қайын сіңілім тек пәтерді мұрагерлікке алу үшін ғана қарт әжейдің жанында тұрып жүр. Ештеңе істемейді. Жұмыстан соң барып, барлық тірлікті өзім істеймін. Ал ол шаруаға көмектесуді ойлаған да емес. 

– Оның өзгергенін қалайсыз ба?

– Иә.

– Сіз оған ашуланып жүргенде өзгереді деп ойлайсыз ба?

– Өзгермейтінін білем. Бірақ басқаша әрекет ете алмаймын. 

– Әлде олай жасағыңыз келмей ме? 

– Иә.

– Сіз қалай ойлайсыз, өз әрекетімен жиеніңіз тәрбиесіздігімен қатар, тағы нені байқатады? Ал өзіңіздің енеңізге көзқарасыңыз қандай?

– Кәдімгідей. Қалайша болу керек еді? Кәрі, аурушаң адам ғой.

– Ал сіз бұрын онымен жиі ренжісіп қала беретін едіңіз иә? 

– Иә көп келіспей қалатынбыз. Көп ұрсып қалатынбыз. Сіз оны қайдан білесіз?, – деп таң қалады емделуші. 

Дәрігер әйелге оның көңілінде енесіне деген өкпе-реніштің жазылмаған күйі қалып қойғанын айтады. Ал қазір амал жоқ, оған барып күтімін жасайды. Осылайша өзінің бұрынғы әрекетін жуып шаяды. Жиені әйелдің енесіне деген қарым-қатынасын, көзқарасын көз алдына көрсетіп тұр. Сондықтан оған ашуланудың орнына, рахмет айту керек. Бұл әйелге өте керемет сабақ болды. Емделуші ұзақ ойланып, шын мәнінде солай екенін мойындайды. Дәрігер оған енесіне деген көзқарасын өзгерткенде ғана, жиенімен қарым—қатынасы оңалатынын айтады. 

Бүгінгі таңда бауыр, өт, ішекті ашығу арқылы тазалаудың әдісі бар. Бірақ оның айтарлықтай нәтижесі болмайды. Уақытша ғана. Өйткені сіз ашығу арқылы мінезіңізді өзгертпейсіз ғой. Дәрігер өз тәжірбиесінде ауыр, ызаға толы ойлардан арылу арқылы қаншама адамның өт тасынан тазаланып, сауығып кеткенін жазады. Сіз де қиын болса да осылай әрекет етіп көріңізші. 

Ғалия Мұхамбетқызы