Шымкентте 16 жасар жеткіншекке оқ атқан жігіт ұсталды. Ол 1995 жылы туылған шымкенттік тұрғын болып шықты. Күдіктіні тәртіп сақшылары Тараз қаласында тұтқындады. Қылмыс жасаған соң сезікті сонда қашып кеткен екен.
Еске салсақ, 13-қаңтар күні Байтұрсынов көшесінің бойындағы «Шымкент» бизнес орталығының маңында белгісіз біреулер атқан оқтан ауыр жаралаған 16 жасар бозбала ауруханада есін жимастан қаза болған еді. Қазір осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұзын-саны 5 адам ұсталған.
Тергеуде белгілі болғандай, қапыда кеткен жеткіншек қаңғыған оқтың кездейсоқ құрбаны болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдіктілер мүлдем басқа жігітті көздепті. Қазіргі таңда қылмыс қаруы іздестірлуде. Оны қолға түскен сезікті азамат көшеге лақтырып кеткенін айтады.