Жаңа жыл Шымкенттегі бір отбасы үшін келеңсіз жағдаймен басталды. Мангельдин көшесіндегі үйлердің біріндегі отбасы иіс газымен уланып қалған. Таңертең тұрған ұлы анасының халі өте нашар екенін көріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне хабар берген. Дегенмен, көмек келгенде есікті іштен ашуға халі болмапты. Сондықтан, есікті аша алмаған дәрігерлер құтқарушыларға хабарласуға мәжбүр болды. Сонымен қатар полицияға да хабар беріледі. Оқиға орнына келген мамандар есіктің құлпын сырттан ашып, барлығы ішке енді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HSIokqdTzjA[/youtube]
Үйдің ішінде екі адам жатыр. Ұлы мен анасы. Ұлының басын көтеруге әзер шамасы келеді. Ал анасы сұлқ түскен күйі жатыр. Абырой болғанда, аман екен. Алайда есін білмейді. Дәрігерлер дереу зардап шегушіге көмек көрсете бастады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VOrohv61L0w[/youtube]
Ұлының сөйлеуге шамасы келгенмен, есікті не себепті іштен аша алмағанын түсіндіріп бере алмады. Өзі дәрігерлердің сауалына «Ішкен жоқпын» деп жауап берді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_F1WSBMdeZc[/youtube]
Дәрігерлер ес-түссіз жатқан әйелді ауруханаға алып кетті. Қазір пәтер ішіне газ иісінің қалай тарағаны анықталу үстінде.