Шымкентте бір тәуліктен аса жауған қалың қар тұрғындарды біраз әбігерге салды. Көліктер жолда тайғанап, техника түгілі адамдардың қозғалысы қиындап кетті. Соның салдарынан жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Олардың көбісі көліктердің жолдан шығып кетуіне байланысты болатын.
Сондай келеңсіз жағдайдың бірі Тәуке хан даңғылының бойында орын алды. Саға ткешкі 7:30 шамасында «Шымкент — Мега» орталығына қарсы бетте жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті. № 26 бағытта қатынайтын МАН автобусының артқы жағы тайып, жолдың шетіндегі арыққа түсіп кеткен.
Абырой болғанда автобустың ішінде жолаушылар аз болыпты. Олардың ешқайсысы ауыр жарақат алмаған. Автобустың жүргізушісі алғашында өз бетімен арықтан шықпақ болады. Алайда, көліктің артқы дөңгелегі тұтастай шұңқырға түсіп кеткендіктен, ол ойы жүзеге аса қойған жоқ. Оқиға орнына адамдар лезде жиналып қалды. Бірі жүргізушіге көмектессе, енді бірі қуаты мол ауыр техниканы іздестіре бастады. Полиция қызметкерлері де осы жерде.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Q80mcQYqifg[/youtube]
Автобус жүргізушісіне көмекке Камаз келді. Оның жүргізушісі жолаушылар көлігін қалың сыммен тіркеп алып, бір бүйірге сүйреді. Осылайша автобустың дөңгелегін арықтың жиегіне шығарып алды. Содан кейін тіке тартып, арықтан шығарып алды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3LvVgHRNjZ0[/youtube]
Осылайша көптеп-көмектеп келеңсіз жағдай сәтті аяқталды.